Новости

"Сәлем саған сүйікті, алтын ұя мектебім!" атты салтанатты жиын

СҚО,Уәлиханов ауданы, Өндіріс орта мектебінде бірінші қыркүйек «Сәлем саған сүйікті, алтын ұя мектебім!» атты салтанатты жиын өтті.. Салтанатты жиынға Уалиханов ауданы әкімінің құрылыс және архитектура бөлімінің басшысы Сатыбалдин Қанат Өсербайұлы, Бидайық селолық округінің маманы Жахин Алмагүл , 1962 жылы туған түлектер, 2003 жылы осы мектепті бітірген түлектер, ауыл имамы, ата-аналар, шаруа қожалық иелері қатысты. Салтанатты жиын ҚР-ның әнұранымен ашылып, ортаға 1 сыныпқа келген оқушылар шақырылды. Мектеп директоры Ракишева А.Ш. жаңа 2018-2019 оқу жылымен ата-аналарды , оқушыларды құттықтап, өткен оқу жылының жетістіктеріне тоқталды. Келесі сөз алған Қанат Өсербайұлы да оқушыларды жаңа оқу жылымен құттықтап, ұстаздарға еңбекте табыс тіледі. Сөз соңында бірінші сынып оқушыларына ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың оқулығын сыйға тартты. 2003 бітіріп кеткен түлектер «Туған жер» бағдарлама аясында өздері бітіріп, білім алған мектепке және ұстаздарына алғыстарын білдіріп, мектепті, туған ауылды еш ұмытпайтындарын айта келіп, мектепке теннис столын сыйға тартты. Жиналған қауымға 1 сыныпқа келген оқушылар мен «Жас Ұлан » ұйымы әзірлеген әдеби – монтаж көрсетілді. Осыдан кейін мектеп алдындағы 1962 жылы туған ел азаматтарының атынан қойылған Абылай хан ескерткішінің салтанатты ашылуы өтті. Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ж.И. Кудайкулов Абылай ханның өмірі мен саяси тұлға ретінде атқарған істерін айта келіп, Президенттің Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында, Туған жерге деген тағзым ретінде осы мектепке сыйлық ретінде ескерткіш орнатып отырған азаматтарға алғысын білдірді. Ескерткіштің ашылуымен құттықтаған Қанат Өсербайұлы: Бұл ескерткіштің оқушылардың тәрбиесінде алатын орны ерекше екенін, әр оқушыға рух беретін, олардың елін, жерін қорғайтын патриот болып өсуіне үлкен роль атқаратынын айтып, бірнеше азаматты аудандық білім бөлімінің «Алғыс хатымен» марапаттады. Осыдан кейін сыныптарға көтерілген оқушылармен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында тәрбие сағаттары өтті. 1 сынып «Менің Отаным -Қазақстан», 2 -4 сыныптарда «Мен кішкентай патриотпын» , 5-8 сыныптарда «Мен өз елімінің патриотымын» ,9-10 сыныптарда «Патриотизм – ұлттық рухтың асқақ белгісі » , 11 сыныпта «Астана- менің жүрегім» тақырыбында тәрбие сағаттары өтті. Тәрбие сағаттарына мектеп әкімшілігі, ата-аналар, қоғамдық ұйым мүшелері қатысты. Мектепке жол акциясы аясында аз қамтылған 9 жанұы балаларына 88800 теңге сомасында киім-кешек, оқу құрылдары берілді. Бұл акция жалғасын табады.

Просмотров: 607

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Опрос

В чем, на Ваш взгляд, заключается готовность ребёнка к школе?

Голосовать

Статистика

  • За месяц17
  • За неделю8
  • Вчера1
  • Сегодня0
  • Онлайн:0

Полезные ссылки